Меймандос, қонағуар, қонақжай, қонақжайлы, қонақшыл, мейманшыл, қонақпаз, қонаққұмар

lat: Meımandos, qonaǵýar, qonaqjaı, qonaqjaıly, qonaqshyl, meımanshyl, qonaqpaz, qonaqqumar.

Қонақ кцткіш, өзіндегі барын қонақтан аямайтын. Ежелден меймандос қазақ халқы малын сойып, қымызын беріп полкті жақсы құрметтейді (Қ. Әміров). Николай тұрғын халықтың жатырқау дегенді білмейтін тым қонағуар халық екенін осы алғашқы кездесудің өзінде-ақ аңғарды (С. Шаймерденов). Масайрап, мәз болысып Кәкен, Құсбек, қонақжай бар кәдесін жатыр істеп (Қ. Ыдырысов). Биік, толық денелі, сұлу, қызыл шырайлы, кескінді Ефросинья Ивановна қонақжайлы кісі екен («Көктем лебі»). Онымен келіп жеттік барар жерге, Қонақшыл күтіп алды сүйген ел де (Қ. Қуанышбаев). Ұрлық істеп беті күйген адамдай мейманшыл үйдегі үш жанға қарауға көз шыдамайды (Ә. Нәбиев). Беркімбайға арқа сүйеп ең шұрайлы жерге қойған Есімбектің өзі де жомарт, қо- нақпаз еді (Б. Майлин). Сауыққой, қонаққұмар қойлы ауылдың әсте бір тарқамаған той-думаны (Ө.Жайлауов).